Айта кетелік, осы аптада Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласынан «БерӘлі Маңғыстау Компани» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 100-ден аса жұмысшысы Астанаға келіп, Энергетика министрлігінің алдында наразылық білдірген.
Келесі күні «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы өкілдері наразы азаматтармен кездесу өткізіп, келіссөз жүргізген.
"Алайда жаңаөзендіктер ұсыныстармен келіспейтінін айтып, кездесудің ортасынан шығып кеткен. Наразылық акциясын жалғастыруына байланысты олардың барлығы полиция жасағымен ұсталды. Өз туыстарының, жерлестерінің ұсталғандығын естіген маңғыстаулық азаматтар өз облысы аумағында жиналып, оларға қолдау білдірді.
Әсіресе, Жаңаөзен қаласында астаналық полицейлердің әрекетіне наразылардың қарасы қалың болды.
Шынын айтсақ, көз алдымызда өткен жылдың басындағы «Қаңтар» оқиғасы кезіндегідей жағдай бақылаудан шығуға жақын қалғандай көрініс қалыптасты", – дейді осы ретте заңгер.
Ұзақ жыл еңбек дауымен айналысқан Бибігүл Нұрашеваның айтуынша бұл жағдайды ерекше көзқараспен тиянақты әрі дәлелді тергеу қажет. Себебі, қарапайым жұмысшылардың құқығы жан-жақты бұзылған фактілер тіркелген.
"БерӘлі Маңғыстау Компани" ЖШС-ның басшылығы тендерден ұтылып қалып, екі ортадағы қарапайым жұмысшыларды пайдалану арқылы тендер нәтижесін жойып, жұмыс көлемін өзіне алғысы келгендігі туралы болжам құзырлы органдар тарапынан тексеруді қажет етеді.
Мекеме басшылығы мұндай құйтырқы әдіске жүгінуі әбден мүмкін деген ойдамын.
Дәл осылайша “Өзенмұнайгаз” АҚ тарапынан да осы тендерді өткізу кезінде орын алуы мүмкін заң бұзушылық фактілері тексерілуі тиіс. Әрине, жағдайдың ақ-қарасын құқық қорғау органдары анықтауы керек.
Сол үшін мен – Қазақстан Республикасының азаматы, ел тағдырына алаңдаушы қоғам белсендісі ретінде «БерӘлі Маңғыстау Компани» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты арнайы тексеріс ашылуын және құқық қорғау органдары мән-жайдың ақ-қарасын ажыратып, ақиқатын жариялауын сұраймын талап етемін. Бастысы еліміздің тыныштығы, қарапайым жұмысшылар компаниялардың қара басының мүддесі үшін құрбан болмауы тиіс!
Бұл тексерісті жүргізу процесіне мені қатыстырса, қарсы емеспін", – дейді сарапшы.
➡️ Айтқандай, Росатом шетелде АЭС салу мүмкіндігінен айырылды, толығырақ:
https://t.me/dalainside/1264