Құрылтай сайлауында шетелде қанша адам дауыс бергені белгілі болды, деп хабарлайды dalanews.kz.
СІМ мәліметінше, шетелдегі барлық 79 сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтаған.
61 елде дауыс берген Қазақстан азаматтарының жалпы саны - 9623 адам. Сайлаушылардың қатысу көрсеткіші 84,8 пайыз болды.
Айта кетейік, 23 тамызда Қазақстанда жаңа бір палаталы Парламент - Құрылтай депутаттарын сайлау өтті. Сайлауға 7 партия қатысты.