Құрылтай депутаттарын сайлау өткен күні Қазақстанда 657 сәби өмірге келді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ведомство мәліметінше, 23 тамызда еліміздің медициналық ұйымдарында 318 ұл және 339 қыз бала дүниеге келген.
Жаңа туған нәрестелердің ең көп саны Алматы қаласында тіркелген. Мегаполисте бір тәулікте 60 сәби өмірге келген. Одан кейін Түркістан облысы – 54 және Шымкент қаласы – 51 нәрестемен көш бастап тұр.
Сондай-ақ еліміз бойынша сол күні бір егіз дүниеге келгені белгілі болды.
Денсаулық сақтау министрлігі акушерлік және босандыру ұйымдарының мамандары тәулік бойы, оның ішінде демалыс және мереке күндері де жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелерге қажетті медициналық көмекті үздіксіз көрсететінін атап өтті.
Ведомствоның мәліметінше, медицина қызметкерлері ана мен бала денсаулығын қорғау бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жалғастырып келеді.