Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша экзитпол нәтижелері жарияланды. Алдын ала сауалнама қорытындысына сәйкес бес саяси партия Құрылтайға өтуі мүмкін, деп хабарлайды dalanews.kz.
Деректерді Еуразия интеграция институты ұсынды. Экзитпол нәтижесі бойынша партиялардың көрсеткіші мынадай:
- "Әділет" партиясы - 71,8 пайыз;
- Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) - 5,2 пайыз;
- "Байтақ" жасылдар партиясы - 1 пайыз;
- Қазақстанның халық партиясы (ҚХП) - 3 пайыз;
- "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 6,4 пайыз;
- "Ақ жол" демократиялық партиясы - 5,1 пайыз;
- Respublica партиясы - 5,4 пайыз;
- "Барлығына қарсымын" - 2,1 пайыз.
"Социс-А" әлеуметтік зерттеулер және консалтинг институты мәліметінше, сауалнама нәтижесі мынадай:
- "Әділет" партиясы - 70,7 пайыз;
- "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 6,4 пайыз;
- Respublica - 5,5 пайыз;
- "Ақ жол" демократиялық партиясы - 5,4 пайыз;
- Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) - 5 пайыз;
- Қазақстанның халық партиясы (ҚХП) - 3,2 пайыз;
- "Байтақ" жасылдар партиясы - 1,2 пайыз;
- "Барлығына қарсымын" - 2,6 пайыз.
Қоғамдық саясат институты жүргізген экзитпол қорытындысы бойынша:
- "Әділет" партиясы - 72,3 пайыз;
- "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 6,2 пайыз;
- Respublica - 5,2 пайыз;
- "Ақ жол" демократиялық партиясы - 5,1 пайыз;
- Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) - 5 пайыз;
- Қазақстанның халық партиясы (ҚХП) - 2,8 пайыз;
- "Байтақ" жасылдар партиясы - 0,9 пайыз;
- "Барлығына қарсымын" - 2,5 пайыз.
Экзитпол халықаралық стандарттарға сай әдістеме бойынша сұхбат түрінде жүргізілген. Құрылтайға өту үшін партиялар дауыс берген азаматтардың кемінде 5 пайызының қолдауына ие болуы керек.
Сайлаудың алдын ала және түпкілікті қорытындысын Орталық сайлау комиссиясы жариялайды. Соңғы нәтиже 30 тамызға дейін белгілі болады.