Құрылтай депутаттарын сайлау аяқталды. Орталық сайлау комиссиясы сайлауға қатысу жөніндегі алдын ала мәліметті жариялады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Учаскелік сайлау комиссиялары дауыстарды санауға кірісті. Сайлау заңының нормаларына сәйкес сайлау учаскелерінде дауыстарды санау уақыты дауыстарды санау басталған сәттен бастап, яғни 12 сағаттан аспауға тиіс.

Орталық сайлау комиссиясы мәліметінше:
1. Астана қаласы бойынша – 51,67%
2. Абай облысы бойынша – 81,41%
3. Ақмола облысы бойынша – 82,69%
4. Ақтөбе облысы бойынша – 88,30%
5. Алматы облысы бойынша – 71,17%
6. Атырау облысы бойынша – 70,74%
7. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 73,38%
8. Жамбыл облысы бойынша – 85,18
9. Жетісу облысы бойынша – 91,19%
10. Қарағанды облысы бойынша – 76,28%
11. Қостанай облысы бойынша – 76,47%
12. Қызылорда облысы бойынша – 90,75%
13. Маңғыстау облысы бойынша – 71,38%
14. Павлодар облысы бойынша – 71,20%
15. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 77,31%
16. Түркістан облысы бойынша – 92,16%
17. Ұлытау облысы бойынша – 70,72%
18. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 87,50%
19. Алматы қаласы бойынша – 43,23%
20. Шымкент қаласы бойынша – 75,42%.
Сағат 20.00-дегі жағдай бойынша 9 352 151 сайлаушы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 74,19%-ы болады.
Қазақстан Республикасы Құрылтайына депутаттарды сайлау бойынша дауыс берудің алдын-ала нәтижелері арнайы брифингте хабарланады.