Қазақстан Үкіметі 2026 жылғы 23 тамызға белгіленген Құрылтай депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткізуге өз резервінен 34,3 млрд теңге бөлді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Михаил Бортник брифинг барысында мәлімдеді.
Оның айтуынша, сайлау науқаны республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады. Қажетті қаражат Үкіметтің резервінен бөлінген. Өйткені 2026 жылға арналған республикалық бюджет өткен жылы қабылданған кезде кезектен тыс Құрылтай депутаттарының сайлауын өткізу жоспарланбаған еді.