Freedom Inside '26

Құрылтай депутаттарын сайлаудың негізгі кезеңдері бекітілді

Құрылтай депутаттарын сайлаудың негізгі кезеңдері бекітілді
"КТК" кадры

Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын сайлау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті, деп хабарлайды dalanews.kz.

Партиялық тізімдерді ұсыну 2 шілдеде басталып, 13 шілдеге дейін жалғасады.

Сайлау науқанының негізгі кезеңдері мынадай:

  • 2-13 шілде - партиялық тізімдерді ұсыну;
  • 23 шілдеге дейін - партиялық тізімдерді тіркеу;
  • 23 шілде - 21 тамыз - сайлауалды үгіт-насихат кезеңі;
  • 2 тамыз - сайлаушылар тізімін учаскелік сайлау комиссияларына тапсыру;
  • 7 тамыздан бастап - азаматтардың сайлаушылар тізіміндегі дерегін тексеруі;
  • 22 тамыз - тыныштық күні;
  • 23 тамыз - дауыс беру күні.

Еске салайық, 1 шілдеде жаңа Конституция күшіне енді. Осылайша Мәжіліс пен Сенат өз жұмысын тоқтатып, депутаттар таратылды.