Құрылыс қарқыны аудан дамуының айнасы

Dalanews 14 қар. 2018 13:53 1145

Түлкібас ауданында 2018 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 5 882,1 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 104,4 пайызға өскенін байқауға болады.

Ендігі кезекте ауданда қандай маңызды құрылыс нысандары жүргізілгеніне тоқталсақ. Т.Рысқұлов ауылы Пушкин-Бағысбаев көшелерінің қиылысына екі 32 пәтерлі және үш 64 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысын жүргізуге 1249,5 млн. теңге қарастырылып, қазіргі таңда 1215,0 млн. теңгесі игерілді.

Ал Састөбе елдімекенінде 1 Мамыр көшесіндегі №1В орналасқан 32 пәтерлі 2 тұрғын үйлердің құрылысын жүргізуге 597,8 млн.теңге қарастырылып, 534,1 млн. теңгесі игерілген.

Жоғарыда атап өткен Т.Рысқұлов ауылы А.Пушкин атындағы мектепке 250 оқушыға арналған қосымша ғимараттың құрылысына 150,0 млн. теңге бөлініп, 120,0 млн. теңгесі игерілсе, Азаттық ауылында 600 орындық мектеп салуға 150,0 млн. теңгесі бөлініп, бөлінігне қаржы толығымен игерілгенін атап өтуге болады. Сол сияқты Шакпақ баба ауылы Бреусов атындағы мектепке 200 орындық мектеп салуға 100,0 млн. теңге, Түлкібас поселкесі Шевцов атындағы мектепке 150 орындық мектеп салуға 100,0 млн.теңге қарастырылғанын да айта кетуіміз керек.

Сонымен қатар Түлкібас аудандық мәдениет үйінің және 1 ауылдық клубтың күрделі жөндеу жұмыстарына 207,4 млн. теңге бөлінді. Жаскешу әкімшілігі ғимаратының құрылыс жұмыстарына 60,0 млн. теңге бөлініп, толығымен игерілді.

 

Dalanews.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар