Құрбан айт-2025: Астанада құрбан шалатын орындар белгіленді

Ақтоты Жапатова 05 мау. 2025 15:15

Биыл Қазақстанда Құрбан айт мейрамы 6-8 маусым аралығында өтеді. Астанада құрбандық шалуға арналған арнайы орындар белгіленді. Бұл туралы қалалық Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласының Дін істері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сұлтанбейбарыс Басыр мәлім етті,- деп хабарлайды Dalanews.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ақпаратына сәйкес, 6 маусым күні таңғы сағат 6:00-де қаланың барлық мешітінде айт намазы оқылады.

Астанада арнайы бөлінген орындарда құрбандық шалу сағат 8:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі.

Аудан әкімдіктерінің ұсыныстары бойынша 2025 жылы құрбандық шалуға арналған келесі 5 орын белгіленді:

Байқоңыр ауданы:

  • «Жайлау» базары – Алаш тасжолы, Ц-313 көшесі;
  • «Big Шанхай» базары – Алаш тасжолы, 34/6 (Көк базардың артында);
  • «Баракат» базары – А-369 көшесі, №10 ғимарат;
  • «Шәушен» шаруа қожалығы – Алаш тасжолы, 136Б.

Алматы ауданы:

  • «Ет-Хан» ет цехы – Теміржолшылар тұрғын алабы, Ақжар көшесі, 20.

Астана әкімдігі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қалалық өкілдігі және тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп дайындық және ұйымдастыру жұмысын жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ, Құрбан айт күндері құрбандық шалу және өзге де өзекті мәселелер бойынша тұрғындарға кеңес беру үшін «109» call-орталығы тәулік бойы жұмыс істейтін болады.

Еске салайық, бұған дейін Алматы қаласындағы құрбан шалу рұқсат етілген орындардың тізімін ұсынған болатынбыз.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар