Freedom Inside '26

Құлсарыда жоғалып кеткен жеті жасар қыз өлі табылды

Құлсарыда жоғалып кеткен жеті жасар қыз өлі табылды
видеодан алынды
Атырау облысы Құлсары қаласында 2018 жылы туған оқушы қыздың өлі денесі өзен арнасынан табылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

5 маусым күні сағат 12:00 шамасында бала үйден шығып кетіп, содан бері отбасына оралмаған. Оның жоғалғаны туралы ақпарат полицияға сол күні сағат 21:28-де түскен.

"Жасөспірімнің қай бағытта кеткені белгісіз болғандықтан, қаладағы барлық бейнебақылау камералары тексеріліп, іздестіру жұмыстарына аудандық төтенше жағдайлар бөлімі де тартылды", - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
6 маусымға қараған түні, шамамен сағат 2:19-да Құрсай арнасынан баланың өлі денесі табылды.

Қазіргі уақытта тиісті сот-медициналық сараптама тағайындалды.