Құлыбаев та бар: Алматы облысында бай-бағландардың жерлері мемлекетке қайтарылды

Сағыныш Сардарова 29 қыр. 2025 12:46

Алматы облысында 15 жыл бұрын жеке пайдалануға берілген құнды жер учаскелері мемлекеттік меншікке қайтарылды. Бұл туралы Алматы облысының прокуратурасы мәлімдедідеп хабарлайды Dalanews.kz.

Кейінгі үш жылда мемлекетке жалпы сомасы 6,1 млрд теңгеге 83 мың гектар жер қайтарылған. Оның ішінде құны 1,6 млрд теңге болатын 21 мың гектар жер бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктердің, олардың туыстарының, сондай-ақ, Forbes тізіміне кіретін адамдардың меншігінде болған.

"Прокуратураның талап-арызы бойынша 2025 жылы мамырда Құлыбаевтар отбасына тиесілі Қапшағай жағалауындағы жер учаскесі мемлекетке қайтарылды", - деп жазылған хабарламада.

Сол сияқты депутаттар көрсеткен тағы 9 гектар жағалау аумағы қайтарылған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар