"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы Қытайдың Мемлекеттік даму банкінен 180 млн юань (шамамен 25 миллион АҚШ доллары) көлемінде алғашқы несие алды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл қаражат 200 дана локомотив сатып алуға бағытталады. Несие теміржол тасымалы саласын жетілдіруге көмектеспек.
Айта кетейік, былтыр ақпанда Қытайдың Мемлекеттік даму банкі мен Қытайдың Импорт-экспорт банкі бірігіп, ҚТЖ-мен жалпы көлемі 3,56 млрд юань болатын несиелік келісім жасасқан еді.
Бұл қаржы Қытайдың CRRC Co., Ltd. компаниясынан 200 локомотив сатып алуға жұмсалуға тиіс.
Қытай тарапының айтуынша, трансшекаралық қаржыландыру ұлттық валюта - юань арқылы жүзеге асырылып жатқандықтан, айырбас бағамының тиімділігі арқасында қазақстандық тарап үшін шығын азайып, қаржыландыру тетігі анағұрлым ыңғайлы болмақ.