Freedom Inside '26

ҚТЖ-да тағы апат: екі пойыз соғылды

ҚТЖ-да тағы апат: екі пойыз соғылды
gov.kz

Алматы облысында екі пойыз соғылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

11 желтоқсанда сағат 01:50-де Отар-Алматы учаскесіндегі Қопа станциясында жүк пойызының машинисі электровозбен соқтығысқан.

"Оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Бұл бөлікте пойыз қозғалысы тоқтаған жоқ. Оқиғаның барлық мән-жайын және себептерін анықтау үшін "Қазақстан темір жолы" орталық аппаратының өкілдері тексеріс жүргізіп жатыр. Тексеріс аяқталғаннан кейін кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылады", - деді "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі өкілі.

Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысында пойыз төрт жұмысшыны басып кеткені хабарланды. 

10 желтоқсанда сағат 17:15-те Мойынты-Шығанақ учаскесіндегі Шешенқара-Қаражанғыл аралығында жүк пойызы қозғалып келе жатқан кезде машинист шұғыл тежеген. Осы кезде Сарышаған станциясының жол бригадасы рельсті ауыстыру бойынша жоспарлы жұмыстарды орындап жатқан.

Төрт жұмысшы жарақаттан көз жұмды.