Қостанайлықтар сергек камераларымен "қош айтысады"

Көркем Алдабергенова 08 қыр. 2025 10:15

Апелляциялық сот өңір әкімдігі мен жүйені орнатуға жауапты компания арасындағы даулы іске нүкте қойды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Еске салайық, 2023 жылдың қыркүйегінде тараптар келісімшартқа отырған: жеке әріптес жол-көлік және қоғамдық қауіпсіздікке арналған интеллектуалды жүйенің жұмысын қамтамасыз етуі тиіс болатын.

Соттың мәліметінше, жобаны іске асыру барысында шарттардың бұзылғаны анықталды. Бірінші сатыдағы сот жауапкердің келісім талаптарына сай келмейтін жабдық орнатқанын, бұл елеулі заңбұзушылық екенін көрсетті. Апелляциялық алқа осы қорытындылармен келісті. Алайда компанияны адал емес мердігер деп танудан сот бас тартты.

«Бірінші сатыдағы сот жеке әріптес жобаны жүзеге асыру барысында келісім талаптарының елеулі бұзушылықтарына жол бергенін анықтады. Бұл шартты бұзуға негіз болды. Қостанай облысының азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының қаулысымен Қостанай облыстық экономикалық сотының шешімі өзгеріссіз қалдырылды. Талапкер мен жауапкердің апелляциялық шағымдары қанағаттандырылмады. Сот қаулысы заңды күшіне енді», – деп атап өтті Қостанай облыстық соты баспасөз қызметінің маманы Юлия Ярошенко.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар