Қостанайда Kia Qazaqstan зауыты іске қосылды

Қостанайда Kia Qazaqstan зауыты іске қосылды
видеодан кадр

21 қазан күні Қостанай қаласында телекөпір форматында Kia Qazaqstan зауытының ресми іске қосылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Іс-шара барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев KIA Corporation президенті Хо-сунг Сонгты «Достық» II дәрежелі орденімен марапаттады.

– Біз Сіздің қазақ-корей ынтымақтастығын дамытуға және халқымыз арасындағы достықты нығайтуға қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймыз. Сіз еліміздің автомобиль өнеркәсібінің қалыптасуына зор үлес қостыңыз, – деді Президент.

Марапаттау рәсімі Мемлекет басшысының жеке тапсырмасы бойынша Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың қатысуымен өтті.