Қостанай облысы Лисаковск қаласындағы мектептердің бірінде оқушы сабақ үстінде боқтық сөздер айтқаны үшін анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Оқиға 10 желтоқсанда болған. 2011 жылы туған оқушы сабақ кезінде мұғалім мен сыныптастарының көзінше боқтық сөздер айтқан. Аталған факті бойынша баланың анасына қатысты “ұсақ бұзақылық” бабымен әкімшілік іс қозғалды.
Сот отырысы барысында әйел кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді. Оның айтуынша, баламен түсіндіру жұмыстары жүргізілген, ол мұғалімнен кешірім сұраған.
Сот шешімімен әйелге 19 267 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.
