Қостанай облысында орман өртінде жанып кеткен ағаштарды сатуға шығарды

Көркем Алдабергенова 20 мау. 2025 11:51

Қостанай облысында 2022 жылы Аманқарағай орман шаруашылығында болған алапат өрттен жанып кеткен ағаштар электронды сауда алаңында сатылуда, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Саудаға негізінен қарағай мен қайың ағаштары қойылған.

Еске сала кетсек, екі жыл бұрын болған орман өрті Аманқарағайдағы 32 мың гектардан астам жерді күлге айналдырған еді.

Алайда, аймақ басшысы Құмар Ақсақаловтың айтуынша, өрттен кейінгі жылы бүлінген орманнан ағаш кесу арқылы облыс бюджетіне 1 миллиард теңгеден астам табыс түскен.

Әкім бұл қаржы толығымен өрт сөндіру техникалары, тракторлар мен басқа да қажетті құрал-жабдықтарды сатып алуға жұмсалатынын мәлімдеген болатын.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар