Тамыз айында Рудный қаласының тұрғындары полицияға жасөспірімдер үйлердің қабырғаларына есірткіге шақыратын жазулар қалдырғанын хабарлаған. Нәтижесінде 14 және 16 жастағы екі кәмелетке толмаған бала ұсталды, ал кейінірек Теміртау қаласының тағы бір 16 жастағы тұрғынынан "мефедрон" заттары мен сату үшін дайындалған 200-ден астам ұсақ пакет тәркіленді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Тамыз айында қала тұрғындары полицияға екі жасөспірімнің ғимарат қабырғаларына наркограффити салып жүргенін хабарлады. Есірткі және психотроптық заттарды насихаттайтын жазулар анықталған соң, Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлімі бойынша іс қозғалып, 14 және 16 жасар екі кәмелетке толмаған тұлға ұсталды. Кейін Рудный қаласы прокуратурасының үйлестіруімен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында Теміртау қаласының 16 жасар тұрғыны ұсталды. Жеке тексеру кезінде оның жеке заттарынан «мефедрон» пакеттері табылды. Сонымен қатар, жасөспірімнің жалдап тұрған пәтерінен сату үшін дайындалған 200-ден астам ұқсас пакет табылды", – деп хабарлады ведомство.
Осы факті бойынша ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлімі (Есірткі заттарын, психотроптық заттар мен олардың аналогтарын заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе сату мақсатында өткізу) бойынша тергеу басталды. Күдікті қамауда ұсталып отыр.