Қостанай облысында есірткі зертханасы жойылды — ҰҚК

Қаракөз Амантай 21 жел. 2024 10:01 1478

ҰҚК Қостанай облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхана әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Психотроптық заттарды дайындау кезінде қазақстанның екі азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.

"Тінту барысында 2 кг-ға жуық дайын "мефедрон" психотроптық заты, сондай-ақ зертханалық жабдықтар мен есірткі дайындауға арналған прекурсорлар тәркіленді. Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді", — деді ҰҚК баспасөз қызметі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар