Қостанай облысында орманды заңсыз кесу схемасы әшкереленді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Жедел деректерге сәйкес топтың бір мүшесі орман қоры учаскесін өңдеу құқығын аукцион арқылы алғанымен, бұл рұқсатты орманды заңсыз кесу әрекетін жасыру үшін пайдаланған. Фигуранттардың қарағай тұқымдас ағашты дайындаумен және оны өткізумен айналысқаны анықталды.
Тергеу іс-шаралары барысында арнайы техника, көлік құралдары, дайындалған ағаш, сондай-ақ, шикізатты дайындау және айналымына қатысты құжаттар тәркіленді.
Полицияға 20 фигурант, оның ішінде ұйымдастырушы, орындаушы және делдал ретінде қатысқан тұлғалар жеткізілді. Заңсыз схеманың барын растайтын айғақтар мен дәлелдер алынды.
"Бұл дерек бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр", - деді ІІМ өкілі.
