Қостанай облысын дүр сілкіндірген қылмыскерге үкім шықты

Dalanews 07 жел. 2025 20:45

Лисаковск тұрғыны кәмелетке толмаған қыз баланы зорлағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Dalanews.kz


Tobol.info мәліметінше, қоғамды елең еткізген оқиға 2025 жылдың наурыз айында болған. 13 жастағы қыз баланы зорлады деген күдікті ер адам қамауға алынған еді. Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты зорлау ісі бойынша айыптау үкімін шығарған.

Іс жабық режимде қаралғандықтан, оның егжей-тегжейі жарияланбайды.

«Сот Лисаковск тұрғынын ҚР ҚК 121-бабының 4-бөлігі («Сексуалдық сипаттағы күш қолдану әрекеттері») бойынша 13 жастағы қызға қатысты жасаған қылмысы үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, қоғамды дүр сілкіндірген оқиға 2025 жылдың наурызында болды. Күдікті ұсталып, сот оның қамауға алынуына санкция берген.

Мәліметке сай, ол – жеке ұйымның жалдамалы қызметкері. Тергеу мүддесіне байланысты өзге деректер жария етілмеген.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар