"2015 жылдың тамыз айында "СарыарқаАвтоПром" ЖШС мен Қытайдың СhinaMachinerycompany және JAC Motors компаниялары арасында стратегиялық серіктестік және ұлттық қазақстандық автокөлік брендін дамыту бойынша келісім жасалды. Осы келісім аясында «СарыарқаАвтоПром» кәсіпорны JAC Motors компаниясымен JAC автомобильдерін шығару бойынша жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Бүгінде 5 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылып, бірінші партия шығарылды. Жалпы, 40 млн. АҚШ долларына дейін инвестиция салу көзделген. Технологиялық қондырғылар 2016 жылдың маусым-шілде айларында жеткізіліп, монтаждалады. Биылғы жылы 2 мыңнан астам автокөлік шығарылады", - деді А.Мұхамбетов.
Облыс әкімінің айтуынша, ақпан айының соңында СhinaMachinerycompany компаниясы делегациясының Қостанайға сапары жоспарланған. Сапар аясында индустриялық аймақ құрылысының мерзімі бойынша шешім шығарылып, СhinaMachinerycompany, облыс әкімдігі мен "СарыарқаАвтоПром" ЖШС арасында үш жақты құжатқа қол қойылмақ. «Ал, "СарыарқаАвтоПром" ЖШС мен IVECO Russia арасында қол қойылатын экспорт туралы келісім аясында Қостанай облысы Ресейге «Daily» маркалы көліктердің ілкі партиясын жеткізеді», - деп хабарлады әкім.
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингісіне қатысқан Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов аймаққа дәрігер мамандар жетпей жатқанын ерекше атап өтті. Мысалы, қазір облысқа 450 кадр жетпей тұрса, оның жартысына жуығы дәрігерлер екен.
«Бүгінде облысымызда орташа есеппен 450 маман тапшылығы бар. Негізгі бағыттар: білім беру мен денсаулық сақтау саласы. 450 маманның 45 пайызы медицина саласына тиесілі. Денсаулық сақтау саласына 450 маманның 44 пайызы тиесілі. Өйткені, облысымызда медицина мамандарын дайындайтын жоғарғы оқу орны жоқ. Колледж бар. Бірақ, соған қарамастан, тиісті шараларды қолға алып жатырмыз. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы 2009 жылы басталған болатын. Осы бағдарлама аясында 4 мыңға жуық кадрлар ауылға барған. Бұл 4 мың жастардың 70 пайызы білім беру саласында жұмысқа орналасса, небары 17 пайызы денсаулық сақтау саласына келген», - деп хабарлады әкім.
Әкімнің айтуынша, осы жастарға үй алу үшін несие, кейбіреуіне бір реттік көтермеақы берілген. «Келген мамандарға қолдау көрсету бойынша барлық деңгейдегі әкімдерге тапсырма берілді», - деп атап өтті әкім.
«ҚазАқпарат»