Қосшы Нұр-Сұлтанға қосыла ма? - Көлгінов жауап берді

Dalanews 10 ақп. 2021 08:11 804

Елорда әкімі Алтай Көлгінов Қосшы елді-мекенінің Нұр-Сұлтанға қосылатын-қосылмайтындығын айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Ақмола облысы Нұр-Сұлтан қаласымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Дәл қазір қалаға қандай да бір елді-мекендерді қосу туралы жоспар жоқ. Себебі бізде жеке сектордағы тұрғын үй аудандарына қатысты көптеген мәселелер бар. Біз облыс-қала ретінде жұмыс істеуге дайынбыз, - деді Көлгінов.

Жалпы, оның айтуынша, Қосшы жақын болашақта үлкен қалаға айналды және елорда әкімдігі Ақмола облысының әкімдігімен тығыз жұмыс істейді.

Өткен жылы, мәселен карантин кезінде біз Қосшыны орнатылатын бақылау-өткізу пунктіне енгіздік. Себебі бұл елді-мекен тұрғындарының көпшілігі қалада жұмыс істейді, оқу оқиды, емделуге келеді. Қаладағы барлық қызмет бұл елді-мекен үшін қолжетімді, оны ешкім шектемейді. Қала маңында Қосшы сияқты бірнеше елді-мекен бар. Урбанизация жүйесінде агломерация деген ұғым бар. Яғни, қаланың айналасында қалашықтар пайда болады. Бұл - соның үлгісі. Қалада жеке секторға тиесілі 16 тұрғын үй ауданы бар. Онда 300 мыңға жуық адам тұрады, проблемалар жеткілікті, - деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар