Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов COVID-19 вирусын жұқтырды, - деп хабарлайды Dalanews.kz Massaget.kz-ке сілтеп.
"Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов коронавирус жұқтырып алды. Ол емделіп жатыр", - деді Мәжілістің баспасөз қызметі.
Алайда төрағаның жұқпалы вирусты қалай жұқтырғаны, қайда емделіп жатыр белгісіз. Баспасөз қызметі бұл сұраққа жауап бермеген.