Ресейдің Украинаға жасаған басқыншылық соғысы Кремльді санкциялардың құрсауында қалдырып, изгой елге айналдырды. Осыдан кейін Қазақстан Ресейді айналып өтетін жаңа бағыттарды дамытуға әрекеттене бастаған болатын, – деп хабарлайды Dalanews.kz.
Күні кеше ғана сайтымызда ЕуроОдақ елдерінің әлеуетті инвесторлары еліміздегі әуежайлар мен Ақтау және Құрық портына инвестиция құюға кіріскенін жазған едік.
Енді міне, ЕуроОдақ Транскаспий дәлізін дамытуға 10 млрд еуро құюға ықылас танытып отырғаны жайындағы ақжолтай хабар жетті.
ЕуроОдақ Брюсселде өтіп жатқан Орталық Азия елдерімен арадағы көлік-логистика мәселесіне арналған форумда ЕуроОдақ пен Қытайды жалғайтын Транскаспий дәлізіне 10 млрд еуро инвестиция құюға дайын.
ЕуроОдақ өкілдері Каспий теңізі арқылы Қытаймен арадағы сауда-экономикалық байланысты қысқа уақытта қайта қалыпқа келтіруге мүдделі болып отыр.
Осылайша ЕуроОдақ елдері Азия мен Еуропаны байланыстыруда Транскаспий бағытын қолайлы деп тапқан. Ал Ресей мен Кавказ жағалауы мен Түркия бағытынан толықтай бас тартты десек болады.
Жақын уақытта құны 2,97 млрд еуро болатын алғашқы екі несиелік траншты Еуропа инвестициялық банкі мен Еуропа қайта құру және даму банкі арқылы бөлінетін болады. Бұл қатысты ЕуроОдақ пен Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан тиісті меморандумға қол қойған.
Бірінші кезекте 1,47 млрд еуро бөлетін уағдаластық дайын.
Өз кезегінде ҚР Көлік министрлігі ЕуроОдақ Қазақстанның Ақтау және Құрық портын халықаралық порт-логистикалық жүйесіне қосуға қатысатынын алға тартты.
Бұдан басқа ЕуроОдақ еліміздің көлік жолдары мен азаматтық авиация саласын да дамытуға да өз үлестерін қосады.
Осылайша Орталық Азия елдері Ресейден бір табан болса да алыстай түсті. Бұл жағдай өз кезегінде Ресейге ұнамасы анық. Алдағы уақытта Тина сияқты пропагандистер Қазақстан бастаған Кіндік Азия елдеріне сын садаған бағыттап, ақылға сыймайтын әңгіме айтуы әбден мүмкін.