Қос дипломды білім берудің қоғамға берері көп

Dalanews 16 қыр. 2021 11:55 872

Құқық қорғау жүйесін реформалау және ішкі істер органдарын жаңғырту мақсатында  Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев  басшылық құрамының жаңа форматын дайындауды қамтамасыз ету жөнінде тапсырма бергені белгілі.

Осы орайда  аталған министрліктің Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясында ведомстволық білім беру оқу орындарының  тарихында алғаш рет кәсіби басқарушыларды даярлау жөніндегі екі дипломды білім беру бағдарламасын іске асыру басталды.

Аталған жобаны іске асыру серіктес-жоғары оқу орны – «Алматы менеджмент университетімен» ынтымақтастық туралы жасалған шарттың арқасында мүмкін болды.

«7М04112 - Жобаларды басқару» және «7М12301 - Құқық қорғау қызметі» бейіндік бағыттағы магистратураның екі дипломды білім беру бағдарламасы бойынша оқуға полицияның аумақтық бөлімшелерінің басшы лауазымдарына кадр резервінде тұрған ішкі істер органдарының қызметкерлері түсті.

Екі дипломды білім беру бағдарламасы бойынша дайындық процесінде магистранттар үш модульдің пәндері бойынша білім алады: ұйымдастырушылық-басқарушылық, жобалық басқару және құқық қорғау органдарын басқару.

Курс аяқталғаннан кейін түлектерге серіктес-жоғары оқу орындарының жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы дипломдар табыс етіледі және екі дәреже беріледі.

Магистранттар бұл бастаманы зор ынтамен қабылдады және серіктес  жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламасын игеруге кірісті. Қос дипломды білім берудің қоғамға берері көп деп ойлаймыз.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар