8 тамыз күні таңертең Қорғас - Алматы бағытындағы республикалық автожолда көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды dalanews.kz.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметінше, 8 тамызда сағат 05:00-ден 06:00-ге дейін ені 7 метр, ұзындығы 24 метр болатын ірі көлемді жүктің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету үшін қозғалыс уақытша шектеледі.
Компанияның хабарлауынша, осы уақыт аралығында жол қозғалысын патрульдік полиция қызметкерлері реттейтін болады.
Осыған байланысты жүргізушілерге жол бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша енгізілетін шектеулерді ескеру ұсынылды.