Тікұшақ экипажы қаза тапты. Бұл туралы Твиттерде президент Қасымжомарт Тоқаев хабарлады.
“Қызылорда облысында Қорғаныс министрлігіне қарасты тікұшақ құлады. Әскери жаттығу аясында Ақтау-Шымкент бағытында әуеге көтерілген. Тікұшақ экипажы қаза тапты. Тергеу жұмыстарын бастауға пәрмен бердім. Қаза болғандардың отбасына қайғырып көңіл айтамын. Оларға материалды көмек көрсетіледі”, – деді Мемлекет басшысы.
Тікұшақ Қызылорда облысының Жалағаш ауданында апатқа ұшырады. Құлаған бетте толықтай өртеніп кеткен. Ішінде 13 адам болған.
Қорғаныс министр Нұрлан Ермекбаевтың бұйрығымен жедел комиссия құрылып, апат болған жерге аттанып кетті.