Қызылордада мемлекетке 64 млн. теңге шығын келтірген шенеунік ұсталды

Dalanews 16 там. 2016 06:06 768

ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облыстық департаменті Қызылорда қаласы мемлекеттік кірістер басқармасы бастығының орынбасары Қ.Әбдіреевті ұстады. Бұл туралы аталған бюроның баспасөз қызметінен хабарлады.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, ол қызметтік жағдайын пайдалана отырып, «Келешек-Б» ЖШС-ның директоры Ж.Қожантаевамен, «Бексұлтан-Қызылорда» ЖШС-ның директоры К.Төлегеновамен және азаматша Р.Байсақаловамен алдын ала сөз байласып, орындалмаған жұмыстардың есеп-шот фактураларын жасаған. Осылайша, Қ.Әбдіреев мемлекетке салық төлемеу түрінде 64 млн. теңге шығын әкелген.

Мұнан бөлек, ол «Келешек-Б» ЖШС-ының салық төлеуден жалтаруына, ал «Бексұлтан-Қызылорда» ЖШС-інің қызметіне заңсыз қамқорлық көрсету үшін 300 мың теңге пара алған.

Қ.Әбдіреев өз кінәсін толығымен мойындады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Дереккөз: kaz.caravan.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар