Қызылордада дәрігерге шабуыл жасаған әйел сотталды

Көркем Алдабергенова 17 ақп. 2026 17:12

Қызылорда қаласының тұрғыны дәрігерді қабылдау кезінде жұдырықпен ұрғаны үшін бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Бұл туралы қалалық №2 соттың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Dalanews.kz.

Іс материалдарына сәйкес, айыпталушы дәрігер науқастарды қабылдап отырған кабинетке кірген. Медицина қызметкері кезекті сақтауды сұраған сәтте әйел жанжал шығарып, дәрігердің жағасынан ұстап, жұдырықпен ұрған.

"Айыпталушыға бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды", – делінген сот хабарламасында.

Сот әйелді Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 108-1-бабының 2-бөлігінің 2-тармағы («Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру») бойынша кінәлі деп таныды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove