Төтенше жағдай комитетінің хабарлауынша оқиға 16 қарашада Қармақшы ауданы Ақжар ауылына жақын жерде орын алған. Қызылорда –Төретам және Қызылорда – Қазалы бағытында қатынап келе жатқан қос автобус бетпе-бет соқтығысқан. Біреуінде – 32 жолаушы болса, енді бірінде – 37-і адам болған.
«Салдарынан екі адам оқиға орнында көз жұмды, жарақат алған 14 адам (оның ішінде екі бала бар) Қармақшы аудандық ауруханасында жеткізілді» – дейді Төтенше жағдай комитетінің өкілдері.
Ал әлеуметтік желіде жол апатының видеосы тарауда.
https://youtu.be/IdGblbs2vVo