Үкімет баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2020 жылғы 29 қаңтардан бастап ҚР мен ҚХР арасында жолаушылар автобусының тасымалы мен 2020 жылғы 1 ақпаннан бастап ҚР мен ҚХР арасында жүретін жолаушылар пойыздарының бағдары уақытша тоқтатылады.
2020 жылғы 3 ақпаннан бастап ҚР мен ҚХР арасындағы жүйелі әуе қатынасы уақытша тоқтатылады. Сонымен қатар ҚХР азаматтарына виза беру тоқтатылды деп күтілуде.
2020 жылғы 4-8 ақпан аралығында Халықаралық теннис федерациясының Федерация кубогының іріктеу матчтарын ҚХР-дың Дунгуан қаласынан Қазақстан астанасына ауыстыруы туралы ұсынысы қабылданғанын айта кетуіміз керек. Бұған қазақ қоғамы қарсылық танытқаны белігіл.
2020 жылғы 12-16 ақпан аралығында су добынан Азия іріктеу чемпионаты өткізілмейтін болды.
Бірлеске комиссия «елдегі жағдай жіті бақылауда» екенін, сондай-ақ қатерлі коронавирус дертіне ел бойынша әзірге ешбір азамат шалдықпағанын жеткізді.