"Қытайға төнген қауіп" немесе біз қалай сақтанамыз?

Dalanews 28 сәу. 2016 04:56 1106

Әлқисса, Жердің иесі – халық. Оны қорғайтын – Мемлекет. Қазақ жері Ата Заңымыз арқылы кемелді түрде қорғауға алынбаса болашаққа төнген болжаусыз қатер, өлшеусіз қасірет! Жер жүзінде адамизат баласы жарлағалы бері өзінің киелі мекенін, омырауын емген қасиетті жерін қорғаумен, жан беріп, жан алысумен келеді. Бұл күрес - заманның ақырына дейін жалғаса беретін қастерлі һәм нәзік үрдіс.

Жер туралы әңгіме шыққалы бері Қазақ Елінде маза қашты. Мәселенің анық-қанығын білетіні бар, білмейтіні бар, жұртты үрей биледі.

Басты үрей - Қытай үрейі!

Әр облыста кезегімен өтіп жатқан бейбіт шерулердің соңы тыныш болса екен деген ізгі тілекпен, үйде тақымын қысып отырған талай жанның көңілінде күдік пен күмән да жоқ емес. Ежелден құр айқай мен даурығу ештеңені өзгертекен емес. Халық пен билік ортасында түсіністік орнап, келелі диалог жалғасын тапса шешілмейтін түйін жоқ. Даудан гөрі дамуға құлаш сермеген елдің ертеңі сенімді-ақ.

Қоғамдық мәселелерге бейжай қарай алмайтын толыққанды Қазақ азаматы ретінде біздің де үнсіз, салғырт қалуға жүрегіміз тыныштық бермеді. Талай сайтты ақтарып, материалдарды қарап, жерін сатқан немесе жалға берген өзге  елдердің тарихына үңілдік. Бір жарым миллиардқа жуық халқы бар көрші қытай елінің ішкі жағдайына талдау жасап, біздің ел де жерін жалға берсе олардан ағылатын сансыз кәсіпкерлер мен жұмысшыларының ой-ниетін білуге тырыстық.

Kitajskij-veshhevoj-rynokҚытайдың қазіргі қоғамын зерттеуші Юан Лупиң деген журналистың «Қытайға келетін қауіп» деген саралау мақаласын оқып, әртүрлі ойға баттық. Қазақ Елінің азаматтары һәм атқарушы билік орындарының бір керегіне жарар деген оймен түйіндеп жариялауды жөн көрдім.

Автор аталмыш мақаласының негізін 12 түйінге жіліктепті.

  1. Адамдардың ішер ас мәселесі қоғамдағы ең маңызды мәселе. Экономикалық дағдарыс, саяси дағдарыс, сенім дағдарысы дегендердің барлығы мемлекет аман болса, халықтың қарны тоқ болса бірте-бірте орнына келетін істер. Ал астық дағдарысы туылатын болса аспан асты миша былығады. Оның қасында саясат, үкімет, мораль, экономика, ар-ұят дегендердің барлығы да түк те емес.

  2. Қытай – Сингапур немесе Бруней емес. Қытай әлемдегі жан саны ең көп мемлекет, жан саны 1 миллиард 300 миллионнан асқан осындай елді жер бетінде Хан елінен басқа ешкім де асырай алмайды, Қытай ішер ас мәселесін тек өзіне сүйеніп қана шеше алады.

  3. Азықтықпен қамдау артуға болады, кемуге болмайды. Дәлме-дәл болып қалса да былықпалық туылады. Оны қалай шешім ету керек? Жоқ әлде, бұрынғыдай тамақ билетін таратып, нормамен беру керек пе, ол қазіргі кезде іске аса қоя ма?

  4. Алайда, қазір қытай қажетті астықтың тек 80 пайызын ғана өзі қамдай алады. Ал азықтық майдың 80 пайызы шикізатты импорт етіп, мәнерлеуге сүйенеді. Интернеттегі материалдарға сүйенсек, өткен бір жылда импорт етілген сары бұршақ 60 миллион тоннаға жеткен. Оны Қытайдағы жан басына бөлсек, әр адамға орта есеппен 50 килограмнан айналады. Ал бұл жерде сары бұршақтар гені өзгертілген бе жоқ па, гені өзгертілген дақылдар адамның көбею қабілетіне қандай ықпалы бар, оны ойлауға да батылдық ете алмаймыз.

  5. Сырттай қарағанда қытай базарында азық-түлік жетіп асады. Ал ол қайдан келіп жатыр? Бұны елдің барлығы да біледі деуге болады, бұлар табиғи өсіп-жетілген өнімдер емес, қайта био-гормон арқылы қысқа уақытта зорлап жетілдірілген өнімдер. Шошқаны бағып базарға салуға бір жыл уақыт кетеді, ал базардағы еті үш-ақ айда гормон арқылы жетістірген шошқа еті, тауықтың қатарға қосылып, базарға салынуына кемінде жарым жыл керек, ал базардағысы 28 күнде ғана гормон арқылы жетіліп шыққан тауықтар. Ал біз жеп отырған көкөністер түгелдей гормондық-химиялық тыңайтқыштар арқылы жетіліп шығады. Бұндай дүниелердің денсаулыққа қаншалықты зиянды екені талассыз шындық. Жас балалардың тым ерте жыныстық жетілуі туралы хабарларды көрген боларсыздар? Үш-ақ жастағы қыз балаға етеккір келген, омырауы жетіліп кеткен, оның барлығы не себептен? Өзінің әке-шешесі еккен бүлдіргенді жегендіктен болған. Ата-анасы тез жетілдіру үшін ауласына еккен бүлдіргендеріне гормондық тыңайтқыштарды аямай берген ғой.


Бұндай үрейлі жағдайды түбірінен оңап алуға келе ме? Сырттай оңаған бейне көрсетіп, бұқараны алдап қоюға келер-ау, түбегейлі тәртіпке салу мүмкін емес. Егер бәрін түбегейлі оңау керек болса базар сүреңсізденіп, қоғам былығады, ашаршылық болып, көптеген адам аштан қырылады. Не үшін? Себебі де өте қарапаймы, шындап қол салып істеп кетсе ондай заласыз жасыл азықтықты қайдан табуға болсын, базар затпен қамдалмай, азық-түлік табу мұң болады.

  1. Енді бірі тұқым мәселесі. Қазір өте аз сандағы шаруалар ғана табиғи жолмен тұқым сақтап отырады. Бұрын тұқымды шаруалар жыл сайын өздері сақтап алып отыратын, бір үйде жоқ болса екінші бір үйден алатын, қауіпсіз болатын. Қазір ол кездегідей емес, шаруалар жыл сайын тұқым фирмаларынан барып сатып алады, ол бір жылға ғана жарайды, сақтап келер жылы пайдалануға келмейді. Егер бір қыс сақтап келер жылы қайта ексеңіз орнына тек қана арамшөп өсіп шығады.

  2. Қазір Қытайда табиғи заңдылық бойынша егістікпен шұғылданса тұрмысын оңап, ауқаттану былай тұрсын, тіршілігін сақтап қалудың өзі мүшкіл болады. Көкөністі мысалға алсақ, табиғи шарт-жағдайда жетілуіне үш ай кетеді әрі құрт түсіп, шұрқ тесік болып көрінісі де нашар тартады. Ал оармоналды препараттар арқылы егіс дәрісін аямай берсең, бір-ақ айда өнім алуға болады әрі құрт та түспейді, сыртқы көрінісі әдемі де көрінеді. Ал тауық, қой сияқты үй жануарларын қолда табиғи бағуды айтып жатудың да қажеті жоқ. Мұнан тыс теңіз өнімдері тасбақа, қысқыш, жылан балық барлығы да қолда бағылып, гормон арқылы өсірілуде.

  3. Қазір шаруалардың астық егуге деген қызғындылығы төмендеп кеткен. Неге? Ұқсас себеп, табиғи жолмен таза егін ексең, байығанды қойып күн көре алмайсың. Сонымен кей өңірлерде жер құлазып, егін егілмей, еңбеккүші барлардың бәрі сыртқа шығып, қара жұмыс істеп кетті.

  4. Ал мемлекеттің астық қоймасында қанша астық бар? Оны білмеймін, бірақ, талайдан бері жеп жүргенім жаңа астық екенін білемін. Межелеп көрсек, астық өндірісінің периоды бір жыл. Олай болса мемлекеттің астық қоймасында да шамасы бір жыл мөлшеріне жететін астық бар деген сөз. Біздің астық қорымыз әрқандай шұғыл жағдайға төтеп беруге дәрменсіз.

  5. Астық тұқымынан мәселе шыға ма? Иләйім, шықпасын деп тілейік. Гені өзгертілген тұқымнан да мәселе шықпауын тілейік. Халықаралық базар үздікіз түрде бізді арзан да қатерсіз астықпен қамдап тұрсын деп тілеңіз. Егіс дәрілері мен оған қолданған гормондар адам денесіне зиянсыз ба? Оған да ешкім жауап бере алмайды.

  6. Мен ауыл-қыстақтан көптеген құстар мен жәндіктердің тұқымы құрығанын, кейбірінің өте азайып кеткенін байқадым. Мұны соқыр болмаса барлық қытай көріп жүр. Шабақ балық, құрт-құмырысқадан тартып ірі жабайы жануарларды қазір ауыл-қыстақта көру мүшкіл болды. Шұқанақтар мен көлшіктердегі, арық-тоғандардағы сулар сарғайып, өсімдіктердің өзі өспейтін болып кетті. Сонда біз жеп жүрген азықтықтарда шынында мәселе жоқ па? Нақтылап айтсақ, әлдеқашан өте ірі мәселелер шығып болды, енді оны кері қайтарудың өзі мүшкіл. Анау тұқымы құрыған немесе құрып бара жатқан организмдер бізбен ұқсас ортада жетілген азықтықты қорек етіп жатқан жоқ па? Оларда үлкен дәрежелегі құрып-жоғалу көрінген жерде біз қайда қашып құтылмақпыз?

  7. Менің көз алдым буалдырланып, адамды адам жеп, аштықтан тарығып, басы ауған жаққа босып кеткен, көрінген жерде өлік төбе болып үйілген жағдайды көзбен көргендей болдым. Бұл жағдай қай кезде де туылуы мүмкін, әрі алдын алатын кезеңнен әлдеқашан өтіп кеттік. Осыдан өткен дағдарыстың болуы мүмкін бе?..»


Мақаласының соңын күрсініспен аяқтаған автор қазіргі қытайдың тап болып отырған азық-түлік дағдарысын «аһ» ұрып жазады.

Міне, алып державаға айналды деп кейбіреулер тамсанатын қаптаған қытайдың басына осындауй қара бұлт үйірілгенін анық көре бастадық. Саны шектен асып, жері уланған, экологиясы ауыр зиянға ұшырап, келешегін сырт елдерден іздей бастаған қытайлар Оңтүстік Азияны түгелдей қытайландырып болып, енді Орта Азияға үрейлі азуын көрсете бастауы – біздің Қазақ Елінің арғы болашағы үшін кімді болса да алаңдатпай қоймайды.

 

Ұларбек Дәлейұлы,


ақын, «Алаш жолы» қозғалысының белсендісі


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар