Қытай Қазақстандағы еңбек мигранттарының саны бойынша көш бастап тұр

Сағыныш Сардарова 29 қаз. 2025 11:28

1 қазандағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 14 666 шетел азаматы еңбек етеді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазір Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 896 жұмыс беруші бар. Оларда 339,1 мыңнан аса Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл - қызметкерлердің жалпы санының 96%-ы.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер:

  • құрылыс саласында – 4 799 адам,
  • ауыл, орман және балық шаруашылығы – 3 065 адам,
  • тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 187 адам,
  • өңдеу өнеркәсібі – 1 085 адам.

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер:

  • Қытай – 5 330 адам,
  • Өзбекстан – 2 682 адам,
  • Түркия – 1 046 адам,
  • Үндістан – 1 012 адам.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар