Қытайдың Xinjiang Xinhua Industrial Company компаниясы Семей қаласында тұрғын аудан тұрғызады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Келісім Бейжіңде жасалды
Тиісті келісім Бейжіңде өткен Қазақстан–Қытай іскерлік кеңесі аясында жасалды. Іс-шараға Мемлекет басшысы, қазақстандық мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірге Абай облысының делегациясы да қатысты.
Құжаттың мазмұны
Құжатқа облыс әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр мен компания өкілі Ши Цунлян қол қойды. Келісімге сәйкес, Семейдің жаңа ауданында заманауи тұрғын үйлер, қонақүйлер мен мектептер салу жоспарланған.