Жедел жәрдем жүргізушісін ұрғаны үшін ұсталған Нұрболат Дакебаев Қарағандыдағы полиция бөліміне жеткізілді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Ер адам Қарқаралы ауданының қыстақтарының бірінде, облыс орталығынан 200 шақырым жерде ұсталды", - деп жазылған хабарламада.
Қарағанды облысының ПД бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин қылмыстық істі тергеу қатаң бақылауда екенін мәлімдеді.
Айта кетейік, бұған дейін оның ұсталғаны белгілі болды. Сонымен қатар, оған тағылған айып бойынша ең жоғары жаза үш жылға дейін бас бостандығынан айыру екені айтылды.