Қырғызстанда мәйітті өртеуге жол берілмек

Қаракөз Амантай 01 нау. 2024 14:57 2379

Қырғызстан парламентінің депутаты Марлен Маматалиев елде мемлекеттік крематорийлер салынатынын айтты. Алайда олар тек қалаларда жұмыс істейді және бұл тәсілді мемлекеттік органдар арқылы ғана қолдануға болады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Депутаттың айтуынша, бұл адамдарға ғана емес жануарларға да арналған.

"Қазір бұл заңда белгілі бір дін өкілдерін кремациялау мүмкіндігі қарастырылған. Крематорийлер түрлі аурудан өлген жануарларға да арналған. Қазір олардың мәйіттері қарапайым қоқысқа лақтырылып жатыр. Кремациялау жұмыстарын қатаң түрде тиісті органдар жүзеге асырады. Туыстары растау құжаттарын көрсетуі керек. Кім қаласа, сол жасай салатындай оңай нәрсе болмайды", - деді Маматалиев.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар