Қырғыз басшысы Қытайдан алған қарызын төлеуге уақыт сұрады

Қырғыз басшысы Қытайдан алған қарызын төлеуге уақыт сұрады
Қырғызстан президенті Сауранбай Жиенбеков Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен сөйлесті.

Қырғызстан басшысы баспасөз қызметінің хабарлауынша, телефонмен әңгімеде президенттер "коронавирус дертімен бірге күресу шараларын, қырғыз-қытай мемлекеттік шекарасы арқылы жүк тасу жолдарын талқылады".

Сауранбай Жиенбеков әріптесінен Қырғызстанның Қытайға берешегін төлеуге уақыт беруін сұрады


2020 жылдың 31 қаңтарындағы мәлімет бойынша, Қырғызстанның сыртқы қарызы 3 млрд 874,57 млн доллар болды. Берешектің басым бөлігі қытайдың "Эксимбанкінен" алынған. 2019 жылдың қазанындағы мәлімет бойынша, мемлекет бұл банкке 1,7 млрд доллар қарыз болған.