IAAR рейтингінде өткен жылмен салыстырғанда бірлескен білім беру бағдарламалары санының 22%-ға өскені байқалады. «Академиялық ұтқырлық» индикаторы бойынша бұл көрсеткіш 15%-ға артқан.
Көшбасшылар үштігін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бастап тұр (375 132 ұпай). Одан кейінгі орындарда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (256 734 ұпай) мен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті (135 122 ұпай).
Білім беру бағдарламаларының сандық рейтингі 1600-ден астам білім беру бағдарламаларының және ҚР жоғары оқу орындарының бас рейтингін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осы ұлттық рейтингке қатысу білім беру қызметтерінің бәсекеге қабілеттілігінің өсуіне ықпал етеді. Білім беру сапасының нарық талаптарына сәйкестік дәрежесі, оқытушылардың танылуы және ЖОО-ның ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелілігі туралы жұртшылықты хабардар етеді.
«Қазақстан Республикасы ЖОО сұранысының тәуелсіз рейтингі – 2023» туралы толық ақпаратты «Education Quality Assurance» журналынан және https://iaar.agency/rating/1/0/2023 веб-сайтынан табуға болады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі