Ақша ұрлау дерегі бойынша "Қазкоммерцбанк" АҚ-ға қатысты қылмыстық іс шеңберінде қыруар сома тәркіленді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Соттың санкциясымен күдіктілерден жалпы сомасы 44,5 млрд теңге болатын, ауданы 300 гектарға жуық жер учаскелері мен автокөліктер қамауға алынды.
Келтірілген залалды өтеу мақсатында ҚР ҚПК 667, 668-баптарының тәртібімен іздеу жарияланған адамдарға қатысты қылмыстық жолмен өндірілген мүлікті сотқа дейінгі тәркілеу көзделген.
"Сот шешімімен мүлік Алматы қаласы әкімдігінің балансына қою арқылы мемлекет кірісіне айналдырылды", - деп жазылған хабарламада.
Қазір бұл активтер мемлекет меншігіне берілді, ал тәркіленетін өзге де мүліктер іздестіріліп жатыр.