Бүгін Түркістанда «Қазына керуен – 2024» акциясы өтті. Түркістан облыстық мәдениет басқармасының бастамасымен «Фараб» кітапханасының ұйымдастырған іс-шараның келесі көшін Төлеби, Сайрам және Түлкібас аудандары жалғады, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кітапханашылар «Сақ патшайымы – Томирис», «Қазақ хандығы. Абылай Хан», «Алаш зиялылары», «Тұрар.Тарих.Тұлға» тақырыптарымен әр дәуірдің тұлғалары жайында сахналық қойылым көрсетті. «Әдеби композиция» атты І кезеңде облыстан шыққан ақын, жазушылардың өлеңдерінен әдеби композициялық көрініс көрсетілді.
Атап айтқанда Сайрам аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі «Туған жерім тұғырым», Төлеби аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі «Төлебидің ғажайып өрнектері», Түлкібас аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі «Шырайлы – Шұбарқызылым» атты әдеби композицияларды көрермен назарына ұсынды.
Түркістан қаласы ардагерлер кеңесінің мүшесі, ҰОС ардагерлерімен теңестірілген атамыз Мәрсәлі Кеңес, Түркістан облыстық Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Түркістан облыстық медиация кеңесінің төрағасы, «Бітімгер» медиаторлар қоғамдық бірлестігінің басшысы, Бақытжан Бейсембаев, еңбек ардагері Пәйзіұлы Хамза, Түркістан қаласы әйелдер алқасының төрайымы, ҚР Мәдениет қайраткері Ұлжан Мұстафаева, Әдістемелік-инновациялық қызмет бөлімінің меңгерушісі Дана Байдаулетова қорытынды сөз сөйлеп, акцияның оқырманға берері мен танымдық тұстары жайлы сөз сөйледі.
Айта кетейік, аталған акцияның басты мақсаты – аудандық әріптестік байланысты нығайта отырып, тарихты насихаттау. Жылдың соңында әдеби финалда қорытындыланады деп жоспарлануда.