Бүгінде Қазығұрт ауданында жылына 63,2 млн кВт электр энергиясын өндіретін шағын гидро электр станциясы бүгінде сәтті жұмыс істеуде.
Шағын кәсіпорын Қызылқия, Қақпақ ауыл әкімдігіне қарасты төрт елді мекендерге электр қуатымен қамтамасыз етіп келеді. Таядуа электр станциясы өндірілген өнімді Қызылсенгір елді мекенінің электр желісіне қосты.
«Salem Consultinq» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 400 млн. теңге қаражат жұмсаған жоба осы аудандағы Үлкен кескен каналында орналасқан. Үлкен кескен каналынан 6м³/сек. су алынып, 450 метр төмен қарай электр станциясына келіп, арнайы қондырғылардан өтіп сағатына 1000 кВт (сағ/1мВт) электр қуаты шығарылады. Гидро электр станцияда жергілікті 12 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Бұл электр станция ауданның электр қуатына деген қажеттілігінің бестен бір бөлігін қамтып отыр.
Айта кетейік, Түркістан облысында 844 елді мекен толық электр қуатымен қамтылған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі