Облыс басшысы Ж.Түймебаев ұлық мерекемен елді құттықтады. Ұлыстың ұлы күні елге қуанышымен, ырыс-құтымен келуін тіледі. Өңірге қайырымдылық жасап, еңбек етіп жүрген бірқатар кәсіпкерлерді марапаттады. Сондай-ақ, Наурыз мересінде елді бірлікке, ынтымыққа шақырып, ренжіскен ағайын болса, құшақтасып көрісуге шақырды.
Осылайша Қазығұрттың баурайына жиналған мыңдаған жұрт көрісу амалып, жасап, төс қағысты. Өкпе-назын кешірісті. Жаңару мейрамында көңілдер де жаңарып, жасарды.
Сонымен қатар, бұл мерекеде таудың етегінде 500-дей жылқы тұяғымен жерді дүркіретіп, елдің делебесін қоздырды. Мерекеге келген қонақтар ұлттық дәстүр мен аңыз-әфсанадан сыр шертетін театрландырылған қойылымдардарды тамашалады. Күміс көмей әншілер әннен шашу шашып, жалпақ жұртта мерекелік көңіл-сый сыйлады.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі