Қазығұртта үш ауысымды мектептерді жою басым бағыттардың бірі

Dalanews 16 қар. 2018 16:14 828

Қазығұрт ауданында 72 жалпы білім беру мекемелері, 2 мектептен тыс қосымша білім беру мекемесі және 13 мемлекеттік және 55 жекеменшік  балабақша жұмыс істеп, балаларға білім беріп, тәрбиелеп келеді.  

2018-2019 оқу жылында білім ордаларында 28128 оқушы білім алуда.

Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша ауданның орташа балы 2018 жылы 76,2 балды құрады.

Биыл білім беру мекемелерінде «Мектепке жол» қамқорлық акциясы  аясында  470 оқушыға 3,2 млн теңгеге материалдық  көмек көрсетілді.

Ауданда мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелерінің желісі ұлғайтылуда. 3-6 жас аралығындағы бала саны – 11804. Кезекте тұрған бала саны – 403. 2018 жылғы 1 қарашаға  8823 баланың 8420-ы қамтылып отыр (95,4%).

Бағдарламаның ең өзекті көрсеткіштерінің бірі – үш ауысымды және  апатты мектептерді жою. Осыған орай биылғы жылы ауданымызда 1 187,2 млн. теңгеге 2 білім ордасы салынып, 2018 жылы пайдалануға берілді. Оның ішінде республикалық бюджеттен Қызылсеңгір ауылына 769,8 млн. теңгеге мектеп салынды. Ал аудандық бюджеттен бөлінген 417,4 млн. теңгеге Құдайназаров атындағы мектеп салынды. м);

Сонымен қатар аудандық бюджеттен 435,6 млн. теңгеге Қазығұрт елді мекеніне қарасты «Болашақ»  мөлтек ауданынан  100 орындық өнер мектебі пайдалануға берілгенін де айта кетуіміз керек.

Республикалық бюджеттен Жылыбұлақ, М.Әуезов жалпы орта мектептерін құрылысына 1004,9 млн. теңге қарастырылып құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар 11 білім беру мекемелерін газбен қамтамасыз ету құрылысына 66,1 млн. теңге қаралып, пайдалануға берілді.

2018 жылы 4 мектепті күрделі жөндеуден өткізуге 190,7 млн. теңге қаржы жұмсалған.

 

Dalanews.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар