Жалпы спорт нысандарының саны 2018 жылдың 10 айында 270-ке жетті. Бүгінде ауданда 4 спорт кешені, 6 спорттық манеж, 56 спорт зал, 16 ату тирлері, 188 жазық спорт алаңдары мен алаңшалары, 1 спорттық ядро жұмыс істейді.
Салауатты өмір салтын қалыптастыруда. 2018 жылдың 10 айында 314 спорттық іс-шара өткізіліп, оған 22364 адам тартылды.
Аудан спортшылары чемпионаттар мен біріншіліктерге қатысып, 39 алтын, 72 күміс, 124 қола медальға қол жеткізді. Спортшыларымыз бокстан, ушу-саньдадан Республика чемпионы және спорттың самбо түрінен Азия чемпионы атанды. Осылайша спорт десе ішкен асын жерге қоятын жастар ауданның атын шығарып, абыройын асқақтатып жүр.
Қазығұрт елді мекеніне қарасты «Болашақ» мөлтек ауданынан 210 орынға арналған денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Dalanews.kz