“Қазцинк” зауытындағы қайғылы оқиға: тағы бір жұмысшы ауруханада көз жұмды

“Қазцинк” зауытындағы қайғылы оқиға: тағы бір жұмысшы ауруханада көз жұмды
Фото: ТЖМ

Өскемендегі "Қазцинк" металлургиялық алаңында болған жарылыстан зардап шеккен тағы бір жұмысшы ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Компания мәліметінше, 5 мамыр күні болған төтенше оқиға кезінде ауыр жарақат алған қызметкер түнде қайтыс болған.

Осылайша, жарылыстан қаза тапқандар саны үш адамға жетті.

"Қазцинк" өкілдері қазіргі уақытта мемлекеттік органдармен бірлескен тергеу жұмыстары жалғасып жатқанын мәлімдеді. Әзірге металлургиялық кешен мырыш және қорғасын зауыттарында қуатты уақытша төмендетіп жұмыс істеп жатыр.