Қазақтеңізкөлікфлоты Каспий арқылы контейнер тасымалын 15% арттырды

Самал Асқар 14 қаң. 2026 14:34

2025 жылы «ҚазМұнайГаздың» еншілес компаниясы – «Қазақтеңізкөлікфлоты» Каспий теңізі арқылы контейнермен жүк тасымалдау көлемін 15% арттырды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Компания дерегіне сәйкес, Ақтау–Баку–Ақтау фидерлік желісі бойынша өткен жылы 59,4 мың жиырма футтық эквивалент (ЖФЭ) тасымалданған. Бұл 2024 жылғы көрсеткіштен (51,4 мың ЖФЭ) 15% жоғары.

Өсімге Транскаспий халықаралық көлік бағытына сұраныстың артуы әсер еткен. Бұл маршрут Азия мен Еуропаны жалғайтын негізгі транзиттік дәліздердің бірі саналады.

Көрсеткіштің артуы Қазақстанның транзиттік әлеуетін күшейтіп, Каспий арқылы өтетін балама логистикалық бағыттардың маңызын арттырып отыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove