«Қазақтелеком» АҚ Сервистік фабрикасы филиалының лауазымды адамдарына қатысты тергеу аяқталды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұлттық компанияның жылжымайтын мүлік портфелін басқаруға жауапты бөлімше саналатын «Қазақтелеком» АҚ Сервистік фабрикасы филиалының лауазымды адамдары өкілеттіктерін теріс пайдаланды деген күдік бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады.
"Бас директор мен филиал қызметкері мемлекет мүддесіне қайшы, оның үстіне кәсіпкер үшін пайда табу мақсатында Тараз қаласындағы акционерлік қоғамның әкімшілік ғимаратын төмендетілген құны бойынша мемлекетке 460 млн теңгеден аса сомаға залал келтіре отырып, іске асырды деген күдікке ілінді", - деп жазылған хабарламада.
Қабылданған шаралар нәтижесінде жылжымайтын мүлік мемлекеттік меншікке берілді.