«Қазақтелеком» АҚ жаңа M-Root сервер инстансын іске қосу арқылы өңірлік DNS тұрақтылығын нығайтуда

Dalanews 05 қар. 2025 13:33

Қазақстанның ең ірі телекоммуникациялық операторы «Қазақтелеком» АҚ WIDE Project, Japan Registry Services Co., Ltd. (JPRS) және APNIC ұйымдарымен бірлесе отырып, Алматы қаласындағы деректерді өңдеу орталығында M-Root серверінің инстансын орнату арқылы DNS инфрақұрылымын кеңейтті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

M-Root – «Қазақтелеком» АҚ желісінде орналасқан төртінші түпкі DNS-сервер, Қазақстан бойынша 14-ші және Орталық Азияда 22-ші болып табылады.

Қазақстан және Орталық Азия үшін маңызды қадам

Аталған жоба өңірдің цифрлық инфрақұрылымын нығайтуға бағытталған «Қазақтелеком» АҚ бастамаларының бір бөлігі болып табылады.
«Қазақтелеком» АҚ мен WIDE Project, JPRS және APNIC ұйымдары DNS инфрақұрылымын дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастықты күшейту мақсатында өзара түсіністік туралы меморандумға (MoU) қол қойды.

Жобаның артықшылықтары Қазақстанның барлық аймақтарын және көрші елдердің бір бөлігін қамтиды, бұл интернет пайдаланушылары үшін желі тұрақтылығы мен деректер алмасу жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді.

WIDE Project туралы

WIDE (Widely Integrated Distributed Environment) жобасы – Жапонияда орналасқан желілік технологиялар және оған байланысты салалар бойынша зерттеу консорциумы. Жоба 1987 жылы құрылған және Кэйо университетінде базаланған. WIDE жобасы M-Root түпкі DNS-серверін 1997 жылдың тамыз айынан бері басқарып келеді. 2005 жылдан бастап M-Root сервері WIDE жобасы мен JPRS ұйымы бірлесе әкімшілендіреді.

Japan Registry Services Co., Ltd. (JPRS) туралы

Japan Registry Services Co., Ltd. (JPRS) 2000 жылғы 26 желтоқсанда JP домен аймағындағы домендік атауларды тіркеу және әкімшілендіруді жүзеге асыру, сондай-ақ домендік атаулар жүйесін пайдалану мақсатында құрылған. JPRS ұлттық жоғарғы деңгейлі .jp. доменін басқарады.

APNIC туралы

APNIC (Asia Pacific Network Information Centre) – Азия-Тынық мұхиты өңірінде интернет инфрақұрылымын қолдайтын және дамытуға бағытталған ашық, тәуелсіз, коммерциялық емес ұйым.

Өңірлік интернет тіркеушісі (RIR) ретінде APNIC өңірдегі 56 экономикалық аймақта интернетті нөмірлеу ресурстарын (IP-мекенжайлар және автономды жүйелер нөмірлері) қауымдастық қабылдаған саясаттар негізінде бөледі және басқарады.

«Қазақтелеком» АҚ туралы

«Қазақтелеком» АҚ ұлттық оператор ретінде инновация саласында көшбасшылықты жалғастырып, Қазақстанды жоғары сапалы, жылдам және қауіпсіз байланыспен қамтамасыз етіп келеді. Компания ел ішінде және одан тыс аймақтарда миллиондаған пайдаланушыларға қызмет көрсетеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар