19 тамызда Астана мен еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды. Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде нөсер жаңбыр, найзағай, бұршақ пен екпінді жел болжанса, батыс пен оңтүстікте аптап ыстық сақталады. Бірқатар өңірде өрт қаупі жоғары, деп хабарлайды dalanews.kz.
"Қазгидромет" мәліметінше, Астанада таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Қалада жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде түнде жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Күндіз аталған аудандарда жауын күшейіп, бұршақ жаууы және екпінді жел соғуы мүмкін. Түнде және таңертең өңірдің батысы мен солтүстігін тұман басады. Облыстың оңтүстігі мен шығысында жоғары, батысы мен орталығында төтенше өрт қаупі бар. Көкшетауда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Солтүстік Қазақстан облысының батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде жаңбыр, найзағай және бұршақ болжанады. Күндіз облыстың оңтүстігінде қатты жаңбыр жауып, жел күшейеді. Түнде және таңертең бірқатар ауданда тұман түсуі ықтимал. Өңірдің батысы мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және бұршақ түседі.
Қостанай облысының батысы, солтүстігі мен шығысында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Күндіз бұршақ жауып, желдің екпіні күшейеді. Түнде және таңертең батыс пен солтүстікте тұман түседі. Облыстың басым бөлігінде жоғары, ал оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі бар. Қостанайда таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Павлодар облысының батысы, оңтүстігі мен орталығында күндіз жаңбыр, найзағай және бұршақ болжанады. Оңтүстік пен шығыста жоғары, орталық аудандарда төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда да күндіз жауын жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін.
Қарағанды облысының батысы, солтүстігі мен шығысында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ пен екпінді жел күтіледі. Батыс, шығыс және оңтүстікте төтенше, солтүстік-батыс пен орталықта жоғары өрт қаупі бар. Қарағандыда күндіз жаңбыр, найзағай және бұршақ болжанады.
Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыс аумағында және Жезқазған қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ түсіп, жел күшеюі мүмкін. Түнде және таңертең солтүстікте тұман болжанады. Солтүстік-батыс пен шығыста жоғары, оңтүстік пен орталықта төтенше өрт қаупі бар.
Абай облысының солтүстігінде түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың басым бөлігінде жоғары, оңтүстігі мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде түнде жаңбыр мен найзағай күтіледі.
Алматы облысының тау бөктері мен таулы аудандарында күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндізгі температура +35°C-қа дейін көтеріледі. Өңірдің батысы мен солтүстігінде төтенше, оңтүстігі, шығысы мен орталығында жоғары өрт қаупі бар. Қонаевта күндіз +35°C ыстық болады.
Алматыда жоғары өрт қаупі сақталады. Іле Алатауының таулы бөлігінде күндіз өткінші жаңбыр мен найзағай болжанады.
Жетісу облысының таулы аудандарында күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыста және Талдықорғанда төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Өңірдің басым бөлігінде төтенше, шығысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар. Таразда төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының таулы аудандарында күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыста, сондай-ақ Шымкент пен Түркістан қалаларында төтенше өрт қаупі жарияланды.
Ақтөбе облысының солтүстігі мен оңтүстігінде түнде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз ауа температурасы +35°C-қа дейін көтеріледі. Өңірдің орталығында жоғары, қалған аумағында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде күндіз +35°C ыстық болады.
Атырау облысында ауа температурасы +38°C-қа, ал Атырау қаласында +37°C-қа дейін көтеріледі. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының батысы, оңтүстігі мен орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Соған қарамастан, күндіз ауа температурасы +40°C-қа дейін жетеді. Облыста төтенше өрт қаупі бар. Ақтауда кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Батыс Қазақстан облысында күндіз ауа температурасы +37°C-қа дейін көтеріледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше, солтүстігі мен солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.